Бірінші мамыр Халықтар достастығы күніне байланысты салтанатты шеруге қатысу
Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына биыл 67 жыл. Бұл жеңіс - ержүректілік пен қайсарлықтың, батырлық пен батылдықтың ерен үлгісі. Жеңіс күні бәрімізге ортақ, ең басты, ең қымбат, шынайы халықтық мереке. Бейбітшілік үшін майдан даласында мерт болған жауынгерлерді облыс халқы еске алып, бүгінде көзі тірі майдангерлерге құрмет көрсетті.
Нақты ››
16 наурыз күні Астана қаласында "Әділет" Демократиялық партиясының ОК Пленумының III-ші отырысы өтіп, онда "Әділет" Демократиялық партиясының көшбасшысы Мақсұт Нәрікбаев "үлкен саясаттан" кететіндігін және өз уақытын Университетке және ғылымға арнауға ниетті екендігін мәлімдеді және өзі негізін қалаған партияның көшбасшысы лауазымынан кету себебін: "Қоғам саяси идеологияны таңдауда көшбасшы немесе жекелеген бір тұлғаға емес, саяси партияның бағдарламалық мақсаттарына қарай бейімделетін деңгейге жетті",- деп түсіндірді.
Сонымен қатар ол партиядан кетпейді, партияның Орталық кеңесінің құрметті мүшесі болып қалмақ.
Нақты ››
Ағымдағы жылдың 15-ші ақпанынан бастап, "Әділет" партиясының облыстық филиалдарында партия Төрағасы Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаевтың қатысуымен партия активінің жиналыстары өткізілуде. Онда өткен сайлау қорытындылары талқыланып, "Әділет" партиясына дауыс беру көрсеткішіне негізгі себеп болған, сайлау науқаны барысында партия қызметінде орын алған кемшіліктерге сыни тұрғыда баға берілуде. Сайлау науқанының белсенді қатысушыларына партия Көшбасшысы атынан алғыс хаттар тапсырылуда.
Нақты ››
2012 жылдың қаңтар айының 23-ші жұлдызында Алматы қаласында "Әділет" Демократиялық партиясы Қазақстан Республикасының "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" жаңа заң жобасына байланысты баспасөз маслихатын өткізді. Баспасөз маслихатында аталған заң жобасына қатысты Қазақстан Республикасының Президентіне жолданатын үндеу жарияланды.
Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі өз жұмысын бастамаса да, Сенат "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" заң жобасын Президент қарауына жолдады. Аталған заң жобасына сәйкес қорды дамыту стратегиясы, Ұлттық әл-ауқат қоры және оның құрылымдық бөлімдерінің қызметін анықтау мақсаты көзделген.
Нақты ››
Астана қаласы
11 қараша, 2011 жыл