ҚАЗОРЫС
Жылдам іздеу
Негізгі » Құрылым

"ӘДІЛЕТ" ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Партияның құрылымы аумақтық ерекшеліктері бойынша кұрылады және ол облыс орталықтарында, Алматы және Астана қалаларында құрылған филиалдар мен Орталық комитеттен, Саяси Кеңестен тұрады.

Партия съезі

Съезд "Әділет" Демократиялық партиясының жоғарғы басқарушы органы болып табылады. Оның шешімі қатысушылардың басым дауысымен қабылданады. Партия Жарғысына сәйкес Съезд төрт жылда бір рет өткізіледі. Іс жүзінде съезд одан да жиірек өткізілді. Мәселен, "Құқықтық Қазақстан үшін" қоғамдық-саяси қозғалыс партия ұйымы болып құрылған 2004 жылдан бастап, төрт съезд өткізілді. Тіпті 2005 жылы бірден екі съезд өткізілді. Қазақстандағы қайнаған қоғамдық және саяси өмір Партия басшылығынан ұйымдастырушылық маңызды шешімдер қабылдау үшін Съездер шақыруды үнемі талап етті.

Партия съезінің ерекше құзіретіне төмендегідей мәселелердің шешілулері кіреді:

  • партияның Жарлығы мен бағдарламасын бекіту және оларға өзгертулер енгізу;
  • партия мүшелерін ҚР-ның Президенттігіне, Парламент мәжілісінің депутаттығына ұсыну, және депутаттыққа кандидаттардың ҚР Орталық сайлау комиссиясында тіркеуге ұсынылатын партиялық тізімді бекіту;
  • мүшелік жарна төлеудің мөлшері мен тәртібін бекіту;
  • Партияның Орталық комитетінің мүшелерін сайлау және сандық құрамын анықтау;
  • Партияның Төрағасы және Төраға орынбасарлары лауазымдарының сандық құрамын бекітеді және оларды 4 жыл мерзімге сайлайды;
  • атқарушы органдардың қаржылық есебінің мерзімін және оның тәртібін анықтау.
  • Партияның Орталық аппаратының жетекшісін бекіту;
  • Партия өкілдіктері мен филиадарын құру және жою, сондай-ақ партияны қайта құру мен жою жөнінде шешім қабылдау.

    Партияның съездер арасындағы жалпы басшылығын Партияның Саяси кеңесі басқарған Партияның Орталық комитеті жүзеге асырады.

    Орталық комитет

    Партияның Орталық комитеті партия қызметінің неғұрлым маңызды мәселелерін қарастырады. Партияның Орталық комитеті Партияның Саяси Кеңесінің шешімі бойынша шақырылады.

    Партияның Орталық комитеті Партия съезімен сайланады. Орталық комитет мүшелерінің санын партия съезі анықтайды. Орталық комитет ОК-нің жаңа мүшелерін съезд бекіткен шеңберде қабылдауға құқы бар.

    Партияның орталық комитеті:

  • партияның кезекті және кезектен тыс съездерін шақырады;
  • партия Төрағасы мен оның орынбасарлары лауазымдарын, партияның Саяси Кеңесінің мүшелерін, ОК хатшыларын сайлайды және орындарынан алады;
  • ОК мүшелерінің, Саяси Кеңестің, партия Төрағасы орынбасарларының, ОК хатшыларының, ОК аппараты жанындағы департаменттердің атқарушы өкілеттіктері мен міндеттерін анықтайды;
  • съездің күн тәртібін бекітеді;
  • съезге қатысатын делегаттардың өкілеттілік нормаларын анықтайды;
  • съездің құзіретіне кірмейтін партия қызметінің басқа да маңызды мәселелерін қарастырады.

    Орталық комитеттің шешімі қатысушылардың басым дауыстарымен қабылданады.

    Партияның Орталық комитеті Саяси кеңесті сайлайды. Саяси кеңес Орталық комитет мәжілістері аралығында партияны жалпы басқаруды қолына алады. Саяси кеңестің мәжілістері қажет болған жағдайда өткізіледі.

    Саяси Кеңес

  • тең төрағалардың қызметтері мен өкілеттіктерін келісім бойынша анықтайды
  • кезекті және кезектен тыс Съездерді, Орталық комитет мәжілістерін дайындау жөніндегі жұмысты жүргізеді
  • партияның тексеру комиссиясын тағайындайды (тексерушіні)
  • Орталық комитет пен Съезд шешімдерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады
  • Партияның мақсаты мен міндеттерін шешуге көзделген іс-шаралар өткізу туралы шешім шығарады
  • партияның Жарғысы мен Бағдарламасына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы мәселені талқылайды
  • партия Саяси кеңесінің, жұмыс жоспары мен регламентін бекітеді
  • Орталық комитет пен филиалдардың штатын, құрылымын бекітеді
  • Орталық аппараттың жұмысы туралы ақпаратын тыңдайды
  • Қазақстан Республикасы азаматтарының және партия мүшелерінің өтініштері мен ұсыныстарын қарайды
  • Партия қызметінің басқа да мәселелерін шешеді

    Партия Төрағасы:

  • Партия жұмысын басқарады
  • өкілеттіктері мен міндеттерінің бөлінуіне сәйкес Партияны мемлекеттік
  • органдарда, қоғамдық бірлестіктерде және ҚР мен шетелдегі басқа да ұйымдарда таныстырады
  • Съезд мәжілісін ашады және оны жүргізеді
  • Партия филиалдарына басшылықты жүзеге асырады
  • Орталық комитетке Саяси Кеңес мүшелерінің кандидатураларын ұсынады
  • Орталық комитет мәжілістеріне Төрағалық етеді
  • Филиал конференциясында филиал Төрағасының кандидатурасын ұсынады
  • Партия атынан келісімшарттар жасасады
  • Сенімхаттар береді

    Партия Төрағасының бірінші орынбасары партияның барлық іс әрекетіне басшылық етеді, партияның іс әрекеті жөнінде партия Төрағасы мен Саяси Кеңестің алдына ұсыныстар енгізеді.

  • Орталық аппарат және ОК хатшыларының жұмысын айқындайды және басшылық жасайды, партия атынан келісім шарттарға отырады
  • қажет болған жағдайларда (партия Төрағасының демалысқа, шет елдерге және т.б.) партия Төрағасын алмастырады және оның қызметін атқарады

    Партия Төрағасының орынбасарлары партияның Орталық Комитеті бекіткен қызметтер мен өкілеттіктерді атқарады.

    ОК хатшылары партияның Орталық Комитеті бекіткен қызметтер мен өкілеттіктерді атқарады.

    ОК аппараты жанындағы Департаменттер Партияның Саяси Кеңесі бекіткен қызметтер мен өкілеттіктерді атқарады.

    Партияның Орталық Комитетінің басшысы:

  • Төрағаның және оның бірінші орынбасарының тапсырмасы бойынша Партияны мемлекеттік және басқадай ұйымдарға таныстырады
  • қолданыстағы ережелер негізінде Орталық аппараттағы іс жүргізуді ұйымдастырады
  • партия мүшелерін тіркеу есебін ұйымдастырады
  • партия аппараты қызметкерлерін жұмысқа қабылдап, жұмыстан шығаруды жүзегеасырады
  • Орталық аппараттың іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастырады
  • жұмыстар мен әртүрлі шаралар жоспарларын әзірлеп, оларды Саяси Кеңестің бекітуіне ұсынады
  • Саяси Кеңес бекіткен жұмыстар мен шаралар жоспарларының орындалуларын бақылайды
  • партияның қаржылық-шаруашылық қызметіне жауап береді
  • Орталық аппарат басшысы партия Төрағасы мен оның бірінші орынбасары алдында есеп береді

    Партияның қаржы-шаруашылық қызметіне тексеру жүргізу үшін Саяси кеңес тексеру комиссиясын (тексерушіні) төрт жылдық өкілеттік мерзіміне сайлайды. Тексеру комиссиясы мүшелерінің біреуі өз міндеттерін атқара алмайтын жағдайда, Саяси Кеңес тексеру комиссиясының жаңа мүшелерін сайлауға және оның өкілеттілігінің мерзімі бітпей-ақ оны міндетінен босатуға құқылы.

    Облыстардағы, Алматы мен Астанадағы филиалдардың жоғарғы басқарушық органы болып Партия филиалдарының конференциясы саналады.

    Партия филиалы конференциясының құзыретіне мыналар жатады:

  • партия Съезіне делегаттар ұсыну
  • партия филиалы Кеңесін сайлау
  • тиісті мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну
  • филиал қызметінің басқа да мәселелерін шешу

    Партия филиалының конференциясы қажеттілікке карай шакырылады.

    Конференциялар арасындағы кезеңде Партия филиалының басқарушы органы болып филиал Саяси Кеңесі (Кеңес) болып табылады.

    Кеңестің мүшелерінің санын филиалдың конференциясы анықтайды. Филиалдың Саяси Кеңесі (Кеңес) филиал Төрағасын (теңтөрағасын) сайлайды, ол филиал қызметіне жалпы саяси басшылық етеді.

    Филиал Кеңесі жалпы басшылықты жүзеге асырады.

    Партия филиалының Төрағасы (теңтөрағасы) Партия Төрағасы берген сенімхат және партия филиалы туралы Ереже негізінде әрекет етеді. Филиалдарды жою туралы шешім Партия съезінде қабылданады.

  • Біздің көш басшыларымыз

    Блиц-сауалнама

    Мұрағат

    « Мамыр, 2012 »
    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
      1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31