ҚАЗОРЫС
Жылдам іздеу

Қазақстан Демократиялық партиясының ІІІ (кезектен тыс) съезі

2005 жылғы 13 қыркүйекте Оңтүстік астанада партияның кезектен тыс ІІІ съезі өзінің жұмысын бастады. Оған қатысушылардың арасында Демократиялық партияның өкілдері ғана болған жоқ, оның жұмысына қонақтар да шақырылды. Атап айтқанда, делегаттарға қолдау көрсету үшін қосымша және қара металлургия өнеркәсіпшілер Одағы Президенті – В.Я.Дворецкий, Сенатор Қ.С.Сұлтанов, парламенттің төменгі палатасының депутаттары З.У.Алшымбаев, С.М.Жалыбин және В.Я.Бобровтар келді, ерекше қонақ болған запастағы полковник, ҰОС-ның қатысушысы – В.Д.Немчихин болды. Съезде сондай-ақ: Қазақстан Коммунистік халық партиясының төрағасы (ҚКХП) В.Б.Косарев және “Отан” РСП саяси кеңес Бюросының мүшесі К.Г.Ғабдуллина сияқты басқа да саяси партиялардың өкілдері болды.

2005 жылы екінші рет кезектен тыс съездің өткізілуі президенттік сайлауға дауыс беру уақытының жақындап қалуына байланысты болды. Мұндай жағдай Қазақстанның Демократиялық партиясынан өзінің саяси көзқарасын көрсетіп және өзінің сайлаудағы ұстанымын анықтап берді. Осымен байланысты Съездің басты шешімі Қазақстанның қазіргі Президентінің – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кандидатурасына қолдау көрсету деп атауға болады.

Демократиялық партияның ІІІ (кезектен тыс) съезінде М.С.Нәрікбаев: “Нұрсұлтан Назарбаев өзінің президенттік міндетін одан әрі атқаруы үшін қоғам мен мемлекетке елімізде жылдамдатылған модернизациялау міндеттерін табысты жүзеге асыру қажет”-деп атап өтті.

Сонымен қатар, Съезд Қазақстан Демократиялық партиясының облыстық, қалалық (Астана, Алматы қалалары) бастауыш партия ұйымдарына барлық деңгейдегі сайлау комиссияларын қалыптастыруға белсенді ат салысуды міндеттеді. ҚР Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша 2005 жылғы президенттік сайлауға Қазақстан Демократиялық партиясынан комиссия құрамына 185 адам сайланды.

Съезд барысында сондай-ақ, Республиканың саяси күшіне де Қазақстан Демократиялық партиясы электоралды кезеңдегі саяси бәсекелестіктің негізгі қағидалары және жаңа саяси партиялардың өкілдері мен президентке үміткерлер туралы Хартияның әрекетін қайта жандандыруға шақырған үндеу қабылданды. Үндеу мәтінінде: “Хартияны қадағалау сайлауды ашық, әділ және халықаралық стандартқа сәйкес өткізуге мүмкіндік береді” делінген.

2006 жылғы 14 сәуірде Қазақстан Демократиялық партиясының ІҮ съезі болды, ол Қазақстанның партиялық құрылымының даму үдерісіндегі келесі кезең болы. Республикадағы саяси өмірді қадағалап отырған көпшілк қауымның есінде бұл съезд партия атауындағы өзгерістерімен сақталып қалды. Енді ҚДП қысқарған сөздерінің орнына, адамдар санасында көп жылдары “құқық партиясы” жақтас болып ассоциацияланған әлде қайда көрнекті ”Әділет” атауы пайда болды. Қазақ тілінде “Әділет” әділеттілік ұғымын білдіреді, жаңарған партия алдына қоғамда осы жоғары мақсатқа - әділеттілікке жетуді қойды.

Бірақ бұл демократиялық партияға қатысты жалғыз өзгерту емес. Ұйымның құрылымында бұдан да салмақты өзгерістер болды. ІҮ съезден кейін бір төрағаның орнына, енді келесідей бес тең төраға пайда болды: партияның негізін салушы, з.ғ.д., профессор М.С.Нәрікбаевпен қатар тең төрағалар болып ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты- Зейнолла Өтежанұлы Алшымбаев, “Жеті ағайын” сауда өнеркәсіп тобының президенті – Бақытбек Ғазизұлы Ахметжан, з.ғ.д., профессор – Еркін Ануарұлы Оңғарбаев, Қазақстан Демократиялық партиясының орынбасары, ҚазГЗУ Алматы заң академиясының атқарушы директоры – Төлеген Сейдомарұлы Сыдықов сайланды.

Бұл құрылым ішкі партиялық демократияның көрінісі болды. Оның үстіне, бұл жағдай арасынан партияның негізін салушылар мен көшбасшыларын ғана емес, биліктің заң шығарушы буынының өкілдерін және Қазіргі заманғы Қазақстанның бизнес топтарын да көруге болады. Тең төрағалардың құрамының сапасы жақсарды.

Оның үстіне, мұндай партиялық құрылым партияның күшін өсірудің кепілі. Ақметжан Бақытбек Ғазизұлы айтқандай: “елдің үлкен саяси сахнасында біздің партиямыздың жалғыз көшбасшысы ол әскер емес екенін біз түсінеміз, өйткені жалғыз өзі бүкіл Республика аймағын қамти алуы мүлде мүмкін емес. Сондықтан тек қана оның атауын өзгертіп қоймай, оның Жарғысы да, және жұмыс істеу қағидасы да өзгерді. Құлшына қызмет жасау – “Әділеттің” бүгінгі міндеті міне осы. Барлығы сыбайлас жемқорлық туралы, халыққа берілген уәденің орындалуы туралы айтады, бірақ одан әрі жағдай өзгермей отыр. Енді Мақсұт Нәрікбаевтың көмекшілері – 4 тең төрағалары бар".

ІҮ съезде сондай-ақ “Әділет” Демократиялық партиясы Жарғысы мен Бағдарламасының жаңа редакциясы бекітілді. “Әділет” Демократиялық партиясының облыстық (республикалық мәртебедегі қала немесе Астана) филиалы туралы Ережелердің жаңа редакциясы келісілді және қабылданды, сондай-ақ партияның Орталық Комитеті құрамына өзгертулер енгізілді.

Біздің көш басшыларымыз

Блиц-сауалнама

Мұрағат

« Мамыр, 2012 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31