ҚАЗОРЫС
Жылдам іздеу

"Қазақстан Республикасы жұртшылығының табыс және жұмыспен қамту саясаты туралы" "Әділет" партиясының мәлімдемесі

21 желтоқсанда сағат 11.00-де Алматы қаласында "Әділет" Демократиялық партиясы "Қазақстан Республикасы жұртшылығын жұмыспен қамту және табыс саясаты" атты тақырыпты баспасөз конференциясын өткізді.

Баспасөз конференциясына қатысқандар:

  1. Сыдық Төлеген Сейдомарұлы – "Әділет" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына "Әділет" партиясынан үміткер.
  2. Баранов Михаил Иванович – отставкадағы генерал-майор, Алматы қаласы маслихаты депутаттығына "Әділет" партиясынан үміткер.
  3. Зандаров Сайраф Мұратұлы – Алматы қаласы нотариалдық палатасының мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына "Әділет" партиясынан үміткер.
  4. Жайлин Ғабиден Айнашұлы – з.ғ.к., ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына "Әділет" партиясынан үміткер.
  5. Айсабаева Эльмира Қырғызбайқызы – ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына "Әділет" партиясынан үміткер.
  6. Төреханов Эрнест – ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына "Әділет" партиясынан үміткер.
БЕЙНЕЖАЗБА


"Қазақстан Республикасы жұртшылығының табыс және жұмыспен қамту саясаты туралы" "Әділет" партиясының мәлімдемесі

Алматы қаласы, 21 желтоқсан 2011 жыл

Жаңаөзен қаласындағы қайғылы оқиға жұмыс берушілер мен мұнайшылар арасында туындаған қақтығыстың себептеріне, әсіресе, елімізде жүргізіліп отырған жұмыспен қамту және табыс саясатына баса назар аударуға мәжбүрлейді.

Біз әр азаматты, сонымен бірге, жалпы жұртшылықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыра алатын, әр адамға өз қабылеттіліктерін толықтай жүзеге асыруға тең мүмкіндік беретін, әлсіздердің мүдделерін қорғай алатын және жұртшылықтың сапалы тауар мен қызмет көрсету түрлеріне қол жетімді бағаны қамтамасыз ете алатын әлеуметтік мемлекетті қолдаймыз.

Біз принципті түрде жалақыны реттеудің жаңа механизмдерін ұсынамыз, жұртшылықты зейнетақымен және әлеуметтік қамтумен, сондай-ақ, оларды өнімді еңбек арқылы жұмыспен қамтуды жүзеге асырамыз.

Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстандағы жұмыссыздық көрсеткіші 6%-ға жуық қана, яғни, дамыған елдер көрсеткішінен әлдеқайда төмен. Біз еліміздегі жұмыссыздық көрсеткішінің төмен болуы, жұмыспен қамту саясатының нәтижесінде емес, қоғамдық пікірді манипуляциялау арқылы жүзеге асырылып отыр деген ойдамыз. Қазақстандық жүйеге жүгінетін болсақ, Халықаралық еңбек ұйымының әдісіне сай, қосалқы шаруашылықтан немесе кездейсоқ күйде табыс тауып жүрген адамдар қатары жұмыссыздар қатарынан алынып тасталады. Қазақстанда ресми деректердегі жұмыссыздардан басқа, "өзін өзі қамтыған" деген адамдар санатына жататын 2,7 млн. адам бар. Демек, жұртшылықтың экономикалық белсенді бөлігінің үштен біріне дейін елдің "өзін өзі қамтыған" қатарына жатқызылуда.

Біз өзін өзі қамту мәселесі Қазақстанды ұзақ мерзімді перспективті даму стратегиясының жүзеге асырылуына кедергі болатын негізгі мәселе деп санаймыз. Алайда, өзін өзі қамту мәселесі, әсіресе, оның аймақтық аспектілері ұзақ, орта мерзімге арналған ел дамуының жоспарларын даярлауда есепке алынбауда. Қазақстандағы "Өзін өзі қамтығандар" өздерінің бүгінгісі мен болашағын өздері өмір сүріп жатқан мемлекетпен байланыстыра алмайды. Өзін өзі қамту мәселесі көп ұзамай қоғамның әлеуметтік әрі саяси тұрақтылығына қауіп төндіруі мүмкін.

Біріншіден, өзін өзі қамтығандар жұртшылықтың өзі өндіретін тобына айналды. Бұған дәлел ретінде өзін өзі қамтығандардың саны 2,7 млн.-ға жеткені ғана емес, өзін өзі қамтығандардың құрылымын да келтіре аламыз. Өзін өзі қамтығандардың жас мөлшерлеріндегі үлесі: 24 жастағылар 15%-ға жуық болса, 25 пен 54 жас арасындағылар – 70%-дан астам, 55-64 жас арасындағылар 8,5%-ды құрайды. Екіншіден, өзін өзі қамтығандардың сапасы өзгерді. Егер нарықтық қоғам құрылуының бастапқы кезеңдерінде өзін өзі қамтығандар қатарына қоғамдық өндіріске тез тартыла алатын жоғары білікті адамдар болса, бүгінгі күні, өзін өзі қамтығандардың басым бөлігін мамандығы жоқ, өндірістерде жұмыс жасауға классификациясы жоқ адамдар құрайды. Осылайша, Үдемелі Индустриалды Инновациялық Даму бағдарламасы аясында 180 мыңнан астам мамандар мен қызметкерлердің қажеттілігі білінді. Осы ретте, ең қажетті мамандар тапшы екеніне көзіміз жетті.

Жоғары және орта білімді өзін өзі қамтығандардың пайыздық көрсеткіші 50%-ға жуық болғанымен, оларға өз мамандықтары бойынша сұраныс төмен немесе олардың көпшілігі жалақының төмендігі және жұмысқа қажет барлық жағдайлардың жасалмауы себебінен бітірген мамандықтары бойынша жұмыс жасауды қаламайды.

Өзін өзі қамтығандардың тек аз бөлігі ғана тұрақты жалақыға қол жеткізіп, өз отбасыларын асырай алатындай жағдайда. Олардың басым бөлігінің тұрақты жұмыстары жоқ, яғни жұмыссыздар санатында. Осы орайда, өзін өзі қамтығандардың мәселесі жалақыны жоқ жерден бар жасау ғана болып қоймай, сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар ұғымға айналуда. Себебі, көп ұзамай, ол елдің әлеуметтік-саяси жағдайының тұрақсыздануына бірден бір себепкер болуы ықтимал.

Жұмыспен қамту және табыс саясатын әлдеқайда тиімді түрде жүзеге асыру үшін, "Әділет" партиясы ұзақ мерзімге арналған өндіріс күштерін дамыту және орналастыру Үлгісін, жұртшылықты жаңа жерлерге қоныстандыру саясатын, еңбек ресурстарының перспективті тепе-теңдігін, маман кадрларды даярлау және қайта даярлау үлгісін жасап шығаруды ұсынады. Онсыз жұмыссыздықты іс жүзінде қысқарту бағдарламасын құру мүмкін болмайды және ЖОО мен кәсіптік колледждердің түлектерін жұмыс орындарымен қамтамасыз ете алмаймыз.

"Әділет" партиясы еңбекке қабылетті жұртшылықты қоғамдық өндіріске барынша тартылуы үшін қажетті жағдай жасауды ұсынады. Оның ішінде, ауылдың дамуына баса назар аударылатын болады. Үдемелі Индустриалды Инновациялық Даму бағдарламасы мен ауыл шаруашылығы дамуының стратегиясына сәйкес, ірі ауыл шаруашылық нысандарының құрылуына көңіл бөлінеді. Алайда, ауылдың дамуы – ауыл шаруашылығының дамуы ғана емес, бұл – осы ауылдардың тұрғылықты халқының өмір сүру жағдайының, ұлттық дәстүрлердің, әдет-ғұрыптың, мәдениеттің жандануы болып табылады. Ауылдық жерлерде өзін өзі қамтығандар саны 70%-дан асса, оларды жұмыспен қамту үшін, ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау, өткізу және сақтау, шағын ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерге сервистік қызмет көрсету, ауыл шаруашылық және басқа да техникаларды жөндеу кәсіпорындары мен кооперативтерін қайта қалпына келтіру жұмыстарын қолға алуымыз қажет.

"Әділет" партиясы еңбек етіп, ел ертеңі үшін өлшеусіз үлес қосқан Қазақстан азаматтары өте төмен мөлшердегі жалақы алады және бұл жалақы мөлшері олардың мұқтаждықсыз өмір сүру деңгейін қамтамасыз ете алмайды деп есептейді. Мұндай жағдай адам әлеуетінің толықтай өзін өзі жетілдірілуіне кедергі болып қана қоймай, әлеуметтік және экономикалық тұрғыда жағымсыз себептерді туындатады.

Бір ғана мамандық иелері әр түрлі мөлшердегі еңбекақыны алуының салдарынан, өзін өзі қамтығандардың өндірістің түрлі салаларында жүруінің себептерінен, қалалықтар мен ауыл тұрғындарының, облыстар мен ірі және шағын қалалардың табыс көлеміндегі алшақтықтың салдарынан әлеуметтік жікке бөліну артып келеді. Мысалы, ауыл шаруашылығындағы, бюджеттік ұжымдардағы экономистер жалақысы 36 мың теңгені құраса, әуе кеңістігінде және мұнай саласындағылардың жалақысы 277 мың теңге көлемінде болып саналады. Осыған сәйкес, бухгалтерлердің жалақылары 48-253 мың теңге көлемінде болса, программистер – 29-243 мың теңге мөлшерінде табыс табуда. Бұл аймақтарда, түрлі салаларда қоғамның күрт әлеуметтік жіктелуіне әкеп соқтырды. Номиналды орташа жалақы көрсеткіші 2011 жылы 90 мың теңгені құраса да, жалдамалы жұмысшылар саны көп саналатын халық шаруашылығы салаларында орташа айлық жалақы көрсеткіші республикалық орташа айлық жалақы мөлшерінен әлдеқайда төмен екенін статистикалық көрсеткіштерден көре аламыз. Білім, денсаулық сақтау, мәдениет салаларындағы орташа айлық жалақы көлемі орташа республикалық жалақы мөлшерінен 1,5-2 есе аз, ал ауыл шаруашылығы саласында – 2 есеге жуық аз көлемде.

Ауыл шаруашылығында 2,5 млн.нан аса адам өзін өзі қамтыған деп санасақ, білім және денсаулық сақтау салаларында осыған сәйкес – 600-300 мың адамға жуық, яғни, жалдамалы жұмысшылардың 70%-дан астамы орташа республикалық жалақы мөлшерінен төмен номиналды жалақыны алуда. Сондай-ақ, әр түрлі салалардағы жалдамалы жұмысшылар жалақылары мөлшерінің алшақтығы өсіп келе жатқаны ақиқат. Бүгінгі күні, тау-кен өндірісі жұмысшылары мен ауыл шаруашылығындағы өзін өзі қамтыған деген адамдардың жалақыларының арасындағы алшақтық 118 мың теңге, яғни, 3,7 есе болса, білім және денсаулық сақтау салаларындағы бұл алшақтық 102-96 мың теңге көлемінде дейін жеткен. Ал, бюджет және қаржы саласының еңбек ақыларындағы алшақтық 120 мың теңгені құраған. Яғни, қаржы мамандарының жалақылары мұғалімдер мен дәрігерлердің орташа жалақыларынан екі есе көп.

"Әділет" партиясы ең төменгі жалақы мөлшері заңмен бекітілген тұтыну қоржынымен есептелінген, ең төменгі күнкөріс деңгейінен кем дегенде екі есе көп болуы тиіс деп санайды. Ең төменгі мөлшердегі еңбекақы көлемі жұмыс тәртібінің жағдайларына байланысты, сонымен бірге, еңбектің ауырлығына, жоғары және орта білімді есептей келе дифференциалдануы тиіс.

Сондықтан, ең бірінші кезекте, бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын өсіріп, ең төменгі жалақы мөлшері, ең төменгі күнкөріс дейгейінен 2,2 көлемдегі мөлшерден кем болмауы тиіс.

Тиімді әлеуметтік саясат құру үшін, перспективті жоспарда кедейлік индексінің сипатына айналған, "ең төменгі күнкөріс деңгейі" көрсеткішінің орнына, жұртшылық өмірінің орташа стандартын көрсете білетін "рационалды тұтыну бюджеті" көрсеткішін қолдануымыз қажет. Үстіміздегі жылдың қазан айында ең төменгі күнкөріс деңгейі 16804 теңгені құрап, заңға қайшы, ең төменгі мөлшердегі жалақы көлемінен 805 теңгеге асты.

Біз тез арада әлеуметтік заңдар пакетін жасақтап, оны қабылдауымыз қажет. Осы арқылы біз Қазақстан халқының лайықты өмір сүру деңгейіне қолдау көрсететін мемлекет қызметтерін заң жүзінде бекітеміз:

Өмір сүрудің ең төменгі әлеуметтік стандарттары туралы Заңды Ең төменгі жалақы мөлшері туралы Заңды Ең төменгі күнкөріс деңгейі туралы Заңды

"Әділет" партиясы бюджет саласы қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесін толықтай, мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін жекелей көтеру керек деп есептейді. Бюджет қызметкерлері тұрақты әрі жоғары әлеуметтік кепілдемеге қол жеткізуі тиіс – міндетті түрдегі медициналық сақтандыру, біліктілігі деңгейіне байланысты лауазымдық қызметақыға үстеме қосу, осы саладағы жұмысқа жастарды тарту үшін, басқа да әлеуметтік жеңілдіктерді қарастыруымыз тиіс. Біз бюджет қызметкерлерінің зейнетақы мөлшерін орта жалақы мөлшерінің үштен екісі деңгейіне дейін, оған қоса, еңбек өтілі мен қызметкердің қай класқа жататынын ескере келе көтеру керек деп санаймыз.

"Әділет" партиясы жалақының салалық және аймақтық көтермелі коэффициентін заң негізінде бекіту қажет деп санайды. Батыс Қазақстандағы мұнайшылар қақтығысы – осы мәселені ескермеуден туындап отыр. Біздің табыс және жалақы саясатына байланысты ұсынысымыз жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмысшылар арасындағы осы сынды және басқа да келіспеушіліктерді болдыртпауға ат салысады.

Біздің көш басшыларымыз

Блиц-сауалнама

Мұрағат

« Мамыр, 2012 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31