ҚАЗОРЫС
Жылдам іздеу

“Әділет” демократиялық партиясының ІҮ съезі

2006 жылғы 14 сәуірде Қазақстан Демократиялық партиясының ІҮ съезі болды, ол Қазақстанның партиялық құрылымының даму үдерісіндегі келесі кезең болы. Республикадағы саяси өмірді қадағалап отырған көпшілк қауымның есінде бұл съезд партия атауындағы өзгерістерімен сақталып қалды. Енді ҚДП қысқарған сөздерінің орнына, адамдар санасында көп жылдары “құқық партиясы” жақтас болып ассоциацияланған әлде қайда көрнекті ”Әділет” атауы пайда болды. Қазақ тілінде “Әділет” әділеттілік ұғымын білдіреді, жаңарған партия алдына қоғамда осы жоғары мақсатқа - әділеттілікке жетуді қойды.

Бірақ бұл демократиялық партияға қатысты жалғыз өзгерту емес. Ұйымның құрылымында бұдан да салмақты өзгерістер болды. ІҮ съезден кейін бір төрағаның орнына, енді келесідей бес тең төраға пайда болды: партияның негізін салушы, з.ғ.д., профессор М.С.Нәрікбаевпен қатар тең төрағалар болып ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты- Зейнолла Өтежанұлы Алшымбаев, “Жеті ағайын” сауда өнеркәсіп тобының президенті – Бақытбек Ғазизұлы Ахметжан, з.ғ.д., профессор – Еркін Ануарұлы Оңғарбаев, Қазақстан Демократиялық партиясының орынбасары, ҚазГЗУ Алматы заң академиясының атқарушы директоры – Төлеген Сейдомарұлы Сыдықов сайланды.

Бұл құрылым ішкі партиялық демократияның көрінісі болды. Оның үстіне, бұл жағдай арасынан партияның негізін салушылар мен көшбасшыларын ғана емес, биліктің заң шығарушы буынының өкілдерін және Қазіргі заманғы Қазақстанның бизнес топтарын да көруге болады. Тең төрағалардың құрамының сапасы жақсарды.

Оның үстіне, мұндай партиялық құрылым партияның күшін өсірудің кепілі. Ақметжан Бақытбек Ғазизұлы айтқандай: “елдің үлкен саяси сахнасында біздің партиямыздың жалғыз көшбасшысы ол әскер емес екенін біз түсінеміз, өйткені жалғыз өзі бүкіл Республика аймағын қамти алуы мүлде мүмкін емес. Сондықтан тек қана оның атауын өзгертіп қоймай, оның Жарғысы да, және жұмыс істеу қағидасы да өзгерді. Құлшына қызмет жасау – “Әділеттің” бүгінгі міндеті міне осы. Барлығы сыбайлас жемқорлық туралы, халыққа берілген уәденің орындалуы туралы айтады, бірақ одан әрі жағдай өзгермей отыр. Енді Мақсұт Нәрікбаевтың көмекшілері – 4 тең төрағалары бар".

ІҮ съезде сондай-ақ “Әділет” Демократиялық партиясы Жарғысы мен Бағдарламасының жаңа редакциясы бекітілді. “Әділет” Демократиялық партиясының облыстық (республикалық мәртебедегі қала немесе Астана) филиалы туралы Ережелердің жаңа редакциясы келісілді және қабылданды, сондай-ақ партияның Орталық Комитеті құрамына өзгертулер енгізілді.

Біздің көш басшыларымыз

Блиц-сауалнама

Мұрағат

« Мамыр, 2012 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31