Бұл құрылтай съезі 2004 жылғы 14 маусымда өз есігін республика астанасында ашты. Оны өткізудің басты мақсаты “Құқықтық Қазақстан үшін” республикалық қоғамдық-саяси қозғалысының Қазақстан Демократиялық партиясы болып қайта құрылуына байланысты болды. Съезде жаңа партия ұйымының Жарғысы, Бағдарламасы қабылданды, басқарушы органдар сайланды.
Қазақстан Демократиялық партиясы қайта тіркелген сәтте, оның филиалдары сол кездің өзінде Республиканың көптеген облыстарында жұмыс істеп жатқанын атап кетуге болады. Мұндай жағдай көбіне “Құқықтық Қазақстан үшін” қозғалысының істеген қызметімен түсіндіріледі, ол өз қатарына 300 мың қазақстандықтарды тартты. Қазақстан Демократиялық партиясының “құрылтайшы” құрамында 60,1 мың мүше болды. Партияның сол І съезінің өзінде ғылыми-педагогикалық және мәдени-шығармашылық интеллигенцияның, қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялардың, БАҚ-тың өкілдері, инженер-техника саласының қызметкерлері, жастар мен ардагерлер – Қазақстанның әр аумағынан барлығы - 380 делегат қатысты.
Жаңа саяси партияның көшбасшысы Мақсұт Нәрікбаев, ұйымның негізгі міндеті “демократия қағидаларына, ұлтаралық келісімге және саяси тұрақтылыққа негізделген құқықтық мемлекетті құру жолында елдің тәуелсіздігін қорғауға азаматтардың күшін шоғырландыру”- қажет деді. Алдымен Қазақстан Демократиялық партиясы өзін саяси аренада “заңдылық және барлық қазақстандықтар үшін шынайы демократия, құқық партиясы” ретінде ұстанды.
Қазақстан Демократиялық партиясының көшбасшысы, сәл ғана бұрын Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы болған Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаевтың айналасына жиналған заңгерлер негізгі тірегі болды. Бұл жағдай қалың жұртшылықтың мүддесін саяси деңгейде қорғап қана қоймай, бұл үшін заңтану саласында жеке білімдерін де пайдаланатын, кәсіби заңгерлер болашақ Парламенттің қабырғасында кәсіпқой дәрежеде өздерін көрсете білді. Сапалы заң – бұл қоғамның үйлесімді және орнықты дамуының - әділеттіліктің жүзеге асырылуының кепілі.
1995 жылы Елбасы қазақстандықтарға мүлде жаңа кәсіби Парламент құру қажет, онда өз істерін білетін адамдар отыратын кез жетті деген болатын. Съезде халық мұқтажы болып табылатын мәселелерді кеңінен қамтитын бағдарлама қабылданды. Құжатта ұлттық саясат саласындағы, мемлекеттік басқару саласындағы, әлеуметтік саясат, білім және ғылым, жастар саясаты, экономика және банктік қызметтер, кәсіпкерлік және сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы Қазақстан Демократиялық партиясының артықшылықтары айқындалды.
Бұл жаңа ұйымның І съезі таяу арада өткеніне қарамастан, оған жиналған делегаттар өздерінің саяси жобаларын айқындай білді. Ірі саяси шара аясында “Адал саяси бәсекелестік қағидасы туралы Хартия” қабылданды. Сөйтіп, Қазақстан Демократиялық партиясы республиканың электоралды үдерісіне белсенді қатысушылар арасында ең бастысы адал да мөлдір қатынас болуын көздеді, Қазақстан Республикасындағы ішкі саяси қатынастарға басты назар аударылды.
“Елдің пайдасына жасалатын 12 қағидат” деген атқа ие болған І съезде қабылданған саяси бағдарлама туралы Қазақстан Демократиялық партиясы өз шешімін айтты. Бағдарламалық ережені жүзеге асыру, Съезге қатысушылардың пікірі бойынша, тек қана тұрақтылықты нығайтуға мүмкіндік беріп қоймай, сонымен қатар елдің ілгері дамуына қосымша шабыт береді делінді.
Партия мүшелері өздерінің І съезіне дайындықпен бірге сайлау алдындағы күреске араласты. Оның үстіне 2004 жыл парламенттік сайлау жылы болды. Осыған байланысты, Қазақстанның Демократиялық партиясы бірінші рет жеті кандидаттың ішінен, партияға лайықты деп елге танымал тұлға Мақсұт Сұлтанұлын ұйымға жетекші етіп сайлады. Бұдан әрі тізімді Павлодарлық бизнесмен Бақытбек Ахметжанов, корей диаспорасының өкілі, профессор Гурий Хан - жалғастырды. Партия тізімі бойынша Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясына өткен жеті кандидаттан басқа бір мандаттық округ бойынша ҚДП-ның 20 өкілі ұсынылды. Кандидаттардың мұндай үлкен тізімі Қазақстанның партиялық жүйесіндегі жаңа ұйымның кадрлік әлеуетін көрсетті.