2005 жылғы 7 маусымда партияның кезектен тыс съезі болды. Партиялық шаралар жұмысына Астана мен Алматы қалаларынан, әртүрлі облыстардан 216 делегат қатынасты. Жиналғандар әдеттегідей өткен жыл қызметінің қорытындысын шығарды. Атап айтқанда, 2004 жылғы парламент сайлауының барысында ҚР Мәжілісіне өз өкілдерін сайлауға қол жеткізді.
Биліктің заң шығаратын – буынында өз өкілдерінің жоқтығы Қазақстан Демократиялық партиясын құрудың басты себебінің бірі болды.
Осыған байланысты, Партия ішіндегі жұмысты ұйымдастыруды бұдан әрі жақсарту үшін сол орнында жасаған іс-әрекет әлде қайда тиімді екені айтылды. Атап айтқанда, облыстық партия ұйымының алдына партияны дамытудың аумақтық бағдарламасын әзірлеу және алда тұрған ҚР Парламенты Сенатының жұмыстарына, аудандық Әкімдер мен ауылдық аймақтар Әкімдерінің тәжірибе ретіндегі сайлауларына қатысу көзделді.
Съезд алда тұрған 2005 жылғы 4 желтоқсандағы президенттік сайлауға қатысу үшін Қазақстан Демократиялық партиясының сайлау алдындағы блогын құруға шешім қабылдады. Қазақстанның партиялық жүйесіндегі мұндай жинақтаушы векторы “Қазақстанның халық коалициясы” болды. Партия көшбасшысы М.С.Нәрікбаев айтқандай, саяси блоктың басты мақсаты “ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдаған ақпандағы жолдауында баяндалған саяси әрекеттер Бағдарламасын жүзеге асыру үшін қоғамның барлық салауатты және прогрессивті күшін” біріктіру болып табылады.
Қазақстан Демократиялық партиясының төрағасы М.С.Нәрікбаев “Қазақстанның халық коалициясының” басты міндеттерін анықтап берді. “Біріншіден – бұл Қазақстан Республикасы Президентінің жүргізіп отырған саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларына қоғамның сенімі мен қолдауын қамтамасыз ету. Екіншіден – елде саяси бәсекелестіктің дамуына көмектесу, ашық және таза сайлау өткізуді қамтамасыз ету. Сонымен бірге, Қоғамдық сенім комитеті қызметі негізінде барлық деңгейдегі әкімдер, жергілікті атқарушы биліктің әрекеттеріне қоғамдық бақылауды орнату қажеттігін” –атап өтті. Бұл бағытта жұмыс істеу үшін құрамында ғалым заңгерлер топтасқан Қазақстан Демократиялық партиясы сайлауға қоғамдық бақылау жасауды өзіне міндеттеме етіп алды.
Қазақстан Демократиялық партиясынан басқа коалицияға “Отан” және “Асар” партиялары бірікті. Блокка қатысушылардың арасында Ауған соғысының ардагерлер Одағы және Қазақстанның жергілікті жауынгерлері, Қазақстан журналистер конгресі, Іскер әйелдер қауымдастығы, Республика тұтынушыларының ұлттық лигасы, “Жастар қалауы” қоғамдық бірлестігі қосылды. “Қазақстанның халықтық одағы” блогын құру туралы Меморандумда Республика бойынша барлығы 259 ұйым және 2408 жеке тұлға қол қойды.
Партияның съезінің маңызды құрамдық жұмыстары “Сотқа алқа билер енгізу туралы”, “Мұғалімдердің мәртебесі туралы”, “Студенттердің мәртебесі туралы” заң жобаларын әзірлеуге қатысу, кәсіпкерлердің құқығы мен мүдделерін халықтың әлсіз топтары азаматтарының заңды құқығы мен мүдделерін қорғаудың заңнамалық тетіктерін белгілеу бойынша ұсыныстар даярлау болды.